Жаңа медициналық нысан – халық игілігіне

Жаңа медициналық нысан – халық игілігіне
Жаңа медициналық нысан – халық игілігіне
Бүгін Тараз қаласында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін жаңа медициналық мекеме – JANUA Medical Center өз жұмысын бастады.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған орталық тұрғындарға қолжетімді, сапалы және кешенді медициналық көмек көрсетуге бағытталған.
Ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек арнайы қатысты. Ол Ұлы Дала шағынауданында орналасқан «JANUIA medical center» емханасының жаңа филиалының салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтап, заманауи талаптарға сай бой көтерген жаңа емхана — медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін айтты.
Салтанатты рәсім барысында жаңа орталықтың қызыл лентасы қиылып, ғимарат ресми түрде пайдалануға берілді.
Жаңа нысанның жалпы аумағы – 1 800 шаршы метр. Бір ауысымда 200 науқасты қабылдауға мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда емханаға 9 975 тұрғын тіркелген. Оның ішінде:�– ересектер – 4 370 адам,�– балалар – 5 605,�– жүкті әйелдер – 272.
Сала басшысы өз сөзінде өңірде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту – денсаулық сақтау жүйесінің басты басымдығы екенін атап өтті. Оның айтуынша, осындай жаңа нысандардың ашылуы тұрғындардың өмір сапасын арттырып, қолжетімді медициналық қызмет аясын кеңейтеді.
Жаңа емхана – қала тұрғындары үшін ғана емес, жалпы облыс бойынша бастапқы медициналық көмектің жаңа үлгісі саналады.