Диқан ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді

Диқан ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді
Диқан ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді
Еліміздің басты байлығы – адам және оның денсаулығы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев денсаулық сақтау саласында тиімді жүйе қалыптастырып, әрбір елді мекенді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Осы тапсырманың аясында, “Ауылды жаңғырту” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартып, әлеуметтік нысандарды дамыту бағытында бірқатар маңызды істер атқарылуда. Бағдарламаның басым бағыттарының бірі – ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қолжетімді ету.
2024 жылы Байзақ ауданы, Мырзатай ауылдық округіне қарасты Диқан ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған бұл нысанда ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық көмек, дәрігерге дейінгі қызмет және өзге де медициналық қызмет түрлері көрсетілетін болады. Енді тұрғындар аудан орталығына сабылмай-ақ, қажетті ем-домды өз ауылдарынан ала алады.
Ашылу салтанатына қатысқан Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек:
”Ауылды жаңғырту” бағдарламасы аясында мемлекетіміздің қолдауымен ауыл медицинасы кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Бұл медициналық пункт – ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетудің нақты бір қадамы. Денсаулық – ұлт болашағының кепілі. Жаңа нысан ел игілігіне қызмет ете береді деп сенемін,” – деді.
Құрметті ауылдастар!
Бұл – бәрімізге ортақ қуаныш. Осы игі іске атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдіре отырып, жаңа медициналық нысан ауыл халқының игілігіне қызмет етеді деп сенеміз,- деп, ауылдықтарды 15 келушіге арналған, барлық заманауи құрылғылармен жабдықталған жаңа медициналық пункттің ашылуымен құттықтады.
Мырзатай ауылдық округіне қарасты Диқан-2 ауылында 1016 адам түрады. Бұдан 50-60 жыл бұрыл салынған емдеу нысаны ескіргендіктен, халықтың өтініші орындалып, бүгін ауылдарыңызда 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт қүрылысы өткен жылы басталған.
Медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған бұл денсаулық сақтау нысанында ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық көмек, дәрігерге дейінгі көмек, еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы секілді көмек түрлері көрсетіледі. Ендігі жерде ауыл тұрғындары аудан орталығына бармай-ақ қажетті ем-домдарын осында ала беретін болады.