Жамбыл облысындағы туберкулезге қарсы атқарылып жатқан жұмыстар сараланды
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек өңірдегі туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан шараларды саралап, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын атап өтті.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, соңғы 20 жылда:
• Аурушаңдық – 3,8 есеге,
• Таралу көрсеткіші – 4 есеге,
• Өлім-жітім – 21 есеге,
• Белсенді науқастар саны – 11 есеге төмендеген.

2004 жылы – 1490 жағдай (151,8), өлім-жітім – 216 (23,0), диспансерлік есепте – 4343 адам (440,5);

2024 жылы – 399 жағдай (32,6), өлім-жітім – 13 (1,1), диспансерлік есепте – 488 адам (39,9).
Туберкулезбен күрестің негізгі бағыттары:
1. Диагностикада халықаралық стандарттарға сай BACTEC MGIT-960, Hain-test, Gene-Xpert, Bioneer сынды заманауи әдістер қолданылып, туберкулез бен дәріге төзімді түрлері 2 сағат ішінде анықталады.
2. Флюорографиялық тексерулер «Флюоротека» модулі арқылы жүргізіліп, ересектер – 81%, қауіп топтары мен жасөспірімдер – 100% қамтылды.
3. Балалардағы туберкулин диагностикасы (Манту, ТРА сынамалары) 100% орындалуда.
4. 2024 жылы орнатылған Квантифирон аппараты көмегімен қиын анықталатын жағдайларда тестілеу жүргізілуде.
5. БЦЖ вакцинациясы перзентханаларда немесе кейінге шегерілген жағдайда алғашқы медициналық көмек ұйымдарында алгоритмге сәйкес жүргізіледі.
Осы және басқа да туберкулезге қарсы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыста халықтың аталған дертпен аурушаңдығы төмендеп, алдағы уақытта жұмыс сапасы басқаша өрбімек. Бұл бағытта атқарылар міндеттер легін белгілеген басқарма басшысы орталық бас дәрігері Дабыл Шымыровқа бірқатар тапсырмалар беріп, ұсынысын тыңдап, жоспар бекітті.