Соңғы 20 жыл ішінде Жамбыл облысында туберкулезге қарсы аурушаңдықтың төмендеуіне байланысты төсек қорлары қысқарды: 2004 жылы 900 төсек болса, 2014 жылы – 775, ал 2024 жылы – 175-ке дейін азайды. Қазіргі таңда 80 төсек орны ғана бар. Яғни, төсек саны - 11,3 есеге қысқарған.
Мұның барлығы - туберкулезге қарсы жасалып жатқан әрекеттердің арқасында мүмкін болып отыр.
Жалпы, облыстық фтизиопульмонология орталығының басты бағыттарының бірі — латентті туберкулез инфекциясын (ЛТИ) анықтау және оны профилактикалық емдеу. Бұл жұмыс туберкулез қаупі жоғары топтарға жататын адамдармен жүргізіледі.
Олардың қатарында:
• туберкулез ошағындағы қатынаста болғандар,
• ГИБП және ІНФ-а препараттарын қабылдайтындар,
• иммуносупрессивті терапия (глюкокортикоидтар, цитостатиктер және т.б.) алатындар,
• диализде жүрген, трансплантацияға дайындалып жатқан науқастар,
• силикозбен және қант диабетімен ауыратындар,
• АИТВ жұқтырғандар мен осындай отбасылардағы балалар,
• әлеуметтік осал топтардан шыққан балалар мен ересектер,
• БЦЖ егілмеген немесе егілген белгісі жоқ балалар бар.