Статистикалық деректерге сәйкес, соңғы 20 жылда туберкулезбен сырқаттанушылық – 3,8 есеге, таралу көрсеткіші – 4 есеге, өлім-жітім – 21 есеге, ал белсенді туберкулезбен диспансерлік есепте тұрғандар саны – 11 есеге төмендеген.
• 2004 жылы 1490 жағдай тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда 151,8 құраса,
• 2024 жылы – 399 жағдай (32,6).
• Өлім-жітім: 2004 жылы – 216 жағдай (23,0),
• 2024 жылы – 13 жағдай (1,1).
• Белсенді науқастар саны: 2004 жылы – 4343 (440,5),
• 2024 жылы – 488 (39,9).
Атқарылып жатқан негізгі жұмыстар:
1. Диагностикада халықаралық стандарттарға сай озық технологиялар қолданылуда: BACTEC MGIT-960, Hain-test, Gene-Xpert, Bioneer. Бұл құрылғылар туберкулезді және дәріге төзімді түрін 2 сағат ішінде анықтауға мүмкіндік береді.
2. Флюорографиялық тексеру «Флюоротека» модулі арқылы жоспарланып, ересектер – 81%, қауіп тобы мен жасөспірімдер – 100% қамтылды.
3. Балалар арасындағы Манту және ТРА сынамасы 100% қамтылуда.
4. 2024 жылы Ғаламдық қордың қолдауымен орнатылған Квантифирон аппараты белсенді туберкулезді диагностикалауда қолданылуда.
5. БЦЖ екпесі барлық перзентханаларда жүргізіледі, ал медициналық себеппен кейінге қалдырылған балаларға МСАК мекемелерінде алгоритм бойынша егіледі.