2-қалалық емханасындағы медициналық қызмет сапасы — бақылауда

2-қалалық емханасындағы медициналық қызмет сапасы — бақылауда
2-қалалық емханасындағы медициналық қызмет сапасы — бақылауда
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Тараз қалалық №2 емханасына барып, ұйымдастырылып отырған медициналық көмек көрсетудің жай-күйімен және отбасын жоспарлау қызметіне зерделеу жасады.
Ол амбулаториялық-емханалық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін бағалап, тұрғындарға ұсынылып отырған консультациялық-диагностикалық қызметтердің барысын бақылап көрді.
Сондай-ақ отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулықты сақтау бағытында жүргізіліп жатқан ақпараттық-насихат жұмыстары мен емханадағы мамандардың кәсіби дайындығына назар аударды.
Емхана ұжымы басқарма басшысына медициналық көмектің тиімділігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар мен алдағы жоспарлар жайлы баяндады.
Сержан Назарбек емханада көрсетілетін медициналық қызмет сапасын одан әрі арттыру, халықпен тиімді коммуникация орнату және аурулардың алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап өтіп, бас дәрігер Жеңіс Тойшыбековаға бірқатар ұсынымдар мен міндеттемелер белгілеп берді.