Жұқпалы аурулар ауруханасындағы жұмысты жетілдіру – назарда

Жұқпалы аурулар ауруханасындағы жұмысты жетілдіру – назарда
Жұқпалы аурулар ауруханасындағы жұмысты жетілдіру – назарда
Жамбыл облысында халық денсаулығын қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына барып, мекеменің қазіргі ахуалымен және медициналық қызметкерлердің жұмыс барысымен танысты.
Сондай-ақ, ол триаж жүйесімен жұмыс істейтін қабылдау бөлімінің қызметін бақылап, пациенттерді сұрыптау, бастапқы тексеру және бағыттау үдерістерінің сапасына назар аударды.
Бұдан соң ауа-тамшылы жолмен берілетін инфекцияларға арналған бөлімге, сондай-ақ стационардың №1 және №2 бөлімдеріне барып, жағдаймен егжей-тегжейлі танысты.
Сержан Назарбек қазіргі маусымдық аурулар кезеңінде халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар беріп, қабылдау бөліміндегі жұмысты басты назарға алуды нақтылады.