Мейіргерлік делегирлеу жұмысымен танысты

Мейіргерлік делегирлеу жұмысымен танысты
Мейіргерлік делегирлеу жұмысымен танысты
Жамбыл аудандық емханасында 2021 жылдың 17 мамырынан бастап мейіргерлік делегирлеу жүйесі енгізілген. Бұл - басшыға сансыз көп мүмкіндіктерді қызметкерлер арасында бөлуге мүмкіндік беретін құрал.
Бұл жүйе аясында медбикелер дербес қабылдау жүргізіп, дәрігердің қабылдауын жеңілдетуге, халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың сенімін нығайтуға өз үлесін қосады.
Басқарма басшысы Жамбыл аудандық емханасындағы мейіргерлік жүйе жұмысымен танысып, олардың жұмыс қүрылымына зерделеу жасады. Белгілі болғандай, медициналық қызметке қолжетімділікті арттыру бағытында жұмыс істеп келе жатқан делегирлеу
нәтижесінде ауданда 369 (2024 ж. – 812) үйге шақыру, дербес мейіргерлік қабылдаудан - 2791, үй жағдайындағы белсенді бақылаудан – 1304 адам өткен.
Басқарма басшысы Сержан Назарбек мейіргерлік делегирлеу – медициналық көмекті тиімді ұйымдастырып, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға жол ашатын озық тәжірибе болатындығын айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды өрбітуді тапсырып,
аурухана бас дәрігері Сейдахмет Чинибековке нақты атқарылар міндеттер легін белгілеп берді.
Айта кету керек, аталған жүйе дәрігерлік жүктемені азайтуға, халыққа медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыруға және мейіргерлердің кәсіби рөлін күшейтуге бағытталған. Бүгінде медбикелер өз бетінше қабылдау жүргізіп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, сенімділік пен тиімділік принциптері негізінде жұмыс жасауда.