Басқарма басшысы Сержан Назарбек Жамбыл аудандық орталық ауруханасындағы дәрі-дәрмек қоймасының жұмысымен танысты

Сапар барысында басқарма басшысы аурухана дәрі-дәрмек қоймасының жағдайына зерделеу жасады.
Қоймада барлық құжаттар тиісті талаптарға сай рәсімделген. Атап айтқанда, дәрілік формуляр, ҚР ДСМ №326 бұйрығына сәйкес бекітіліп, дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі кеңес отырысының жоспары мен хаттамалары толық жүргізілген. 2025 жылға арналған өтінім әзірленген.
Дәрілік заттарды пайдалану мен антибиотиктерді қолдану бойынша нұсқаулықтар талапқа сай келетін-келмейтіндігін көрген Сержан Сәрсенбекұлы бірқатар ұсыныстар айтты. Оның ішінде, дәрі-дәрмектердің тиісті түрде таңбалаудан өтуі міндетті екендігі және оларды сақтау мен есепке алу жүйесінің жолға қойылуына баса назар аударуды нақтылады.
Аудандық аурухана қоймасы кең, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жабдықталған. Кондиционерлер, гигрометрлер мен термометрлер орнатылып, белгіленген нормаларға сай жұмыс істеп жатқандығына көз жеткізген басқарма басшысы аурухана бас дәрігері Сейдахмет Байдуллаұлына бұл бағытта атқарылар міндеттер мен мақсаттарды белгілеп, халыққа тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тиісті талаптарға сай болуына баса назар аударуды жеткізді.