23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні
Атаулы күнге орай басқарма басшысы Сержан Назарбек ұжым қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.
Ол мемлекеттік қызметтің ел дамуы мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызын атап өтіп, бұл салада еңбек ететін азаматтардың жоғары жауапкершілік пен кәсібилікті қажет ететін қызмет атқарып отырғанын жеткізді.
– Мемлекеттік қызмет – бұл халық пен билік арасындағы сенімді көпір. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, кәсіби біліктіліктеріңіз және адалдыққа негізделген қызметтеріңіз ел мүддесіне қызмет етудің айқын көрінісі. Күнделікті жұмыстарыңызда табыс, отбасыларыңызға амандық, елімізге бейбіт өмір тілеймін, – деді басқарма басшысы.
Салтанатты жиын барысында бірқатар қызметкерлердің еселі еңбегі еленіп, арнайы Алғыс хаттар табыс етілді.
Шара шеңберінде қызметтегі үлгілі тәжірибе, биік парасат пен азаматтық ұстаным үлгісінде әңгімелер өрбіп, бірқатар қызметкерлерге ерекше құрмет көрсетілді.
Бұл мерекелік сәт – мемлекеттік қызметкер болудың биік абырой мен зор жауапкершілікті қатар арқалайтын ізгі жол екенін тағы бір мәрте айғақтады.