Меркі ауруханасында қабылдау бөлімі жаңғыртылуда

Меркі ауруханасында қабылдау бөлімі жаңғыртылуда
Меркі ауруханасында қабылдау бөлімі жаңғыртылуда
 
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Меркі аудандық орталық ауруханасында салынып жатқан жаңа қабылдау бөлімінің құрылыс барысымен танысты.
2024 жылы «Меркі көпбейінді орталық аудандық ауруханасы ғимаратының қабылдау бөлімшесін қосымша құрылыс арқылы қайта жаңғырту» жобасына 1,1 млрд теңге бөлініп, бұл қаражат толығымен игерілген.
Қазіргі жылы арнайы мемлекеттік қор есебінен 144,8 млн теңге қосымша қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстарының 98%-ы аяқталды. Қалған жұмыстар — абаттандыру және ішкі әрлеу жұмыстары.
Нысанды толық аяқтау 2025 жылдың ІІ-тоқсанына жоспарланған.
Сондай-ақ, 2023–2025 жылдарға арналған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2025 жылы Меркі аудандық ауруханасына ангиограф, компьютерлік томограф (КТ) және магниттік-резонанстық томограф (МРТ) сатып алуға жалпы 1,9 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі таңда бұл жабдықтарға қатысты ұсыныстар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмек саясаты департаментіне және «КазМедТех» АҚ-ға жолданып, сатып алу конкурсын 2025 жылдың тамыз айында өткізу жоспарлануда.
Сапар барысында Сержан Назарбек құрылыс жұмыстарын атқарып жатқан мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, орын алған кемшіліктер мен қателіктер бойынша нақты ескертулер жасап, оларды жою жөнінде тапсырмалар берді.