Басқарма басшысы Сержан Назарбек Меркі аудандық аурухана жұмысына зерделеу жасады
Меркі ауданының халқы – 88 625 адам. Ауданда 44 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық емхана, 1 ауылдық аурухана, 1 ауылдық емхана, 13 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт бар.
Тараз қаласынан қашықтығы – 160 км.
Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасы 1984 жылы салынған. Қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді, тозығы жеткен. Жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.
2022-2023 жылдары 598,4 млн теңгеге гинекология, инфекциялық, балалар және қабылдау бөлімшелері қайта құрылды, ал хирургиялық бөлімнің күрделі жөндеуі 132,8 млн теңгеге жергілікті бюджет есебінен жүргізілді. Шатыры мен қасбеті жаңартылғанымен, ішкі жөндеу тек кейбір бөлімдерде ғана жасалған.
Аурухана санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алмаған және аккредитациядан өтпеген. Қабылдау бөлімі уақытша орналасқан, ҚР ДСМ бекіткен стандарттарға сәйкес келмейді.
Терапия бөлімі 3-қабатта орналасқан, 35 төсек-орынмен қамтылған. Ауруханадағы 4 бөлімшеге құрылыс жұмыстары жүргізілмеген. Кереуеттердің 80%-ы тозған, соңғы рет 2018 жылы жаңартылған.
2025 жылғы 4 сәуірде №19-0101/25 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысымен аурухананың бірқатар бөлімшелерін (оңалту, физиотерапия, балалар, неврология, терапия және зертхана) күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама дайындалған.
Жоба 2026-2028 жылдарға қаржыландыру жоспарына енгізілген.
Басқарма басшысы аурухана жұмысынан қатысты бірқатар кемшіліктер мен жіберілген проблемалық мәселелерді анықтап, оларды тиісті мерзімде жедел және тиімді орнына қою туралы бас дәрігер м а Әнел Мұхаеваға тапсырмалар мен ұсыныстар берді. Олардың орындалуын өзі бақылауға алатынын жеткізді.