Басқарма басшысы Меркі аудандық мәйітхана жұмысымен танысты
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Меркі аудандық орталық ауруханасындағы патологоанатомиялық құрылым – мәйітхана қызметінің жұмысымен танысты.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚРЗ 13-бабына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының 2022 жылғы 29 сәуірдегі №222-ө бұйрығының 1.1-тармағына сәйкес патологиялық-анатомиялық қызмет түрлерін (гистологиялық және цитологиялық) орталықтандырылған түрде көрсету ұйымдастырылған.
Меркі аудандық орталық ауруханасы 2024 жылдың тамыз-қыркүйек айларында өз қаражаты есебінен мәйітхана ғимаратына 500,0 мың теңге көлемінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 13 000,0 мың теңгеге заманауи тоңазытқыш құрылғысын сатып алған.
1984 жылы салынған ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өткізіліп жатыр.
Сержан Назарбек мәйітхана ғимаратының ескі екендігін айта отырып, оны жаңадан тұрғызу туралы ұсыныс тастап, оған алынып қойылған тоңазытқаштардың жұмысына баға берді.
Ал, мәйітхана қызметі тиісті сарапшылардан құралған паталогоанатомдық кеңес қорытындысымен қайта қаралатынын жеткізді.