Басқарма басшысы Т. Рысқұлов ауылындағы жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктпен танысты

Басқарма басшысы Т. Рысқұлов ауылындағы жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктпен танысты
Басқарма басшысы Т. Рысқұлов ауылындағы жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктпен танысты
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек жұмыс сапары аясында Меркі ауданындағы бірқатар медициналық мекемелерге барды. Сапар барысында ол Т. Рысқұлов ауылында салынған жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктпен танысты.
Медициналық мекеме бір ауысымда 15 адамды қабылдауға есептелген және заманауи санитарлық-гигиеналық талаптарға толық сәйкес келеді. Нысанның құрылысы 2024 жылы басталды. Қазіргі уақытта ғимарат пайдалануға берілген және науқастарды қабылдауға дайын.
Сержан Назарбек жаңа ФАП-тың ашылуы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Ол сондай-ақ мұндай нысандардың салынуы өңірдегі алғашқы медициналық көмекті күшейтудің маңызды қадамы екенін айтты.
Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы Т. Рысқұлов ауылы мен оған жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарына дер кезінде медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.