Құрметті медицина қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған бірқатар ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Президент өз Жолдауларында халықтың өмір сапасын арттыру, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмекті күшейту – басты міндеттердің бірі екенін үнемі атап өтуде.
Біз, медицина қызметкерлері, осы бастамаларды жергілікті деңгейде жүзеге асырып, халықтың сенімін ақтауға тырысуымыз қажет.
Адам өмірі мен денсаулығын сақтау жолындағы еңбектеріңіз – зор жауапкершілік пен биік адамгершіліктің айқын көрінісі. Сіздердің күнделікті қажырлы қызметтеріңіз бен ізгілікті істеріңіз қоғамымыздың баға жетпес байлығы. Әсіресе, өмірдің сындарлы сәттерінде науқастарға дер кезінде қол ұшын созып, үміт отын жаққан еңбектеріңіз үшін алғысым шексіз.
Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласын дамытуға қосып отырған үлестеріңіз үшін Сіздерге айрықша ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да ел игілігі жолында абыройлы қызмет етіп, биік белестерден көріне берулеріңізге тілектеспін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Дорогие коллеги и ветераны здравоохранения!
Примите искреннюю благодарность за ваш самоотверженный труд, высокий профессионализм и преданность делу. Пусть ваши благородные усилия всегда получают заслуженную оценку, а здоровье и благополучие сопутствуют вам и вашим близким.
Ізгі тілекпен,Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек