Жүкті әйелдердің жағдайы — бақылауда

Жүкті әйелдердің жағдайы — бақылауда
Жүкті әйелдердің жағдайы — бақылауда
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек облыстық перинаталдық орталыққа арнайы барып, түнгі уақытта қабылдау бөліміне келіп түскен жүкті әйелдерге көрсетіліп жатқан медициналық көмектің барысымен танысты.
Басқарма басшысы қабылдау процесімен, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің жұмысымен, шұғыл көмек көрсету тәртібімен, сондай-ақ жүкті әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралармен мұқият танысты. Сонымен қатар медициналық тәжірибеде қолданылып жатқан заманауи емдеу әдістері мен техникалық мүмкіндіктердің тиімділігіне назар аударды.
Қабылдау бөлімінде болған сәтінде Сержан Назарбек жүкті әйелдермен тілдесіп, олардың хал-жағдайын сұрап білді. Өз сөзінде ол ана мен баланың денсаулығын қорғау – денсаулық сақтау саласындағы басты басымдықтардың бірі екенін ерекше атап өтті.