Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек медицина қызметкерлерімен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін тыңдады.

Мерекеге сай бір мезгілде Мемлекеттік Гимнінің орындалуын жүзеге асыруға арналған шараның мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі саналатын Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, отансүйгіштік рухты дәріптеу.

Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихы мен тағдырын, арман-тілегін бейнелейтін киелі нышандар. Олар – елдігіміздің, бірлігіміздің, тұтастығымыздың символы. Сондықтан оларға деген құрмет – әр азаматтың парызы