Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы м.а Сержан Назарбек Жуалы ауданындық орталық ауруханасында болып, мекеменің халыққа қызмет көрсету сапасымен танысты.
Жуалы ауданында 52 мың тұрғын бар. Тіргелген тұрғындар регистрінде 45 мың адам тұр. Аудандық аурухана 127 төсек орнына арналған. Бүгінде 97 пациент ем қабылдауда.
Қабылдау бөлімі жағдайдың ауырлығына байланысты науқастарға медициналық көмек көрсетудің басымдылығын анықтау процесіне сай жабдықталған. Емдік, профилактикалық- диагностикалық, травмотологиялық біртектілігіне негізделген пациенттерді топтарға бөлу бойынша арнайы жасақталған жаңа үлгідегі бөлім тиісті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда күніне 30-ға жуық пациент келіп, алғашқы медициналық көмек түрлерін алады.
Басқарма басшысы аурухананың қабылдау бөліміне келіп жатқан пациенттерге медициналық көмек көрсету деңгейіне бақылау жасап, бұл бойынша қызмет сапасын жақсарту үшін бірқатар ұсыныстар айтып, кемшіліктер мен ескертулерді түзетуге бағыттар берді.