Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек облыстық көпбейінді балалар ауруханасын аралап, мекемеде балалар денсаулығын арттыру бағытында жасалып жатқан жұмыстармен танысты.
Аурухана 0-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсету және оңалту бағытында қызмет көрсетеді. Мұнда 2024 жылы 20189, күндізгі стационарда 1620 бала ем қабылдаған.
2025 жылы Ұлттық акредиттеуден өткен мекеменің сәулелік диагностика бөлімінде екі МРТ аппараты (1,5 және 3 Тесла), екі КТ аппараты (128 және 64 кесінділі), сондай-ақ үш стационарлық рентген аппараты (екеуі хирургиялық блокта, біреуі соматикалық бөлімде) бар.
Басқарма басшысы балалардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру барысында жасалған мүмкіндіктер мен құрылғыларды көріп, олардың жұмыс істеу тетіктерін тексеріп, шешімі табылмай жатқан проблемаларды анықтап, олардың өз деңгейінде орындалуы бойынша аурухана бас дәрігері Ержан Абдыхалықовқа тиісті тапсырмалар берді.