ТОҚПАНОВ ТЕАТРЫНДА ШЕКСПИРДІҢ ШЕДЕВРІ ЖАҢА ҮНМЕН СӨЙЛЕДІ

ТОҚПАНОВ ТЕАТРЫНДА ШЕКСПИРДІҢ ШЕДЕВРІ ЖАҢА ҮНМЕН СӨЙЛЕДІ

🔹А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры көрерменін әлемдік классиканың жауһар туындысы – У.Шекспирдің “Ромео мен Джульетта”трагедиясының жаңа сахналық нұсқасымен қуантты.

📌4–5 сәуір күндері көпшілік назарына ұсынылған премьера – театр репертуарын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам болды.

🔎Қойылымды Беларусь елінен арнайы шақыртылған жас режиссер - Даниил Филиппович сахналады. Хореографы – Вадим Дубовик, сценографиясы – Айгерім Амангелді, музыкалық әрлеушілері – Жасұлан Нурадинов пен Берік Жорабеков.

📖Трагедияның жүрек сыздатар оқиғасын талантты актерлер құрамы жаңа қырынан ашып көрсетті. Джульетта рөлінде – Аружан Райымбек, ал Ромео бейнесін – Нұрасыл Шегетай сомдады. Сонымен қатар, сахна төрінде ҚР Мәдениет саласының үздіктері – Жадыра Құлтаева, Мәмбет Қожалиев, Кенен Ақүрпеков сынды тәжірибелі әртістер өнер көрсетті.

Қойылым – тек махаббат жайлы емес. Бұл — татуласпаған көңіл мен кекшіл ниеттің арты неге апаратынын ұғындыратын, жастар сезімі мен ащы шындықтың қақтығысын көрсететін көркем туынды. Театр ұжымы Шекспир әлемін заманауи сахналық тілмен сөйлетіп, көрермен жүрегіне жол тапты.

👏🏻Көрермен қауым қос ғашықтың тағдырын жанарында жаспен, жүрегінде шынайы әсермен қабылдап, қойылым соңында шығармашылық құрамды ұзақ қошеметпен шығарып салды.