«ИНТЕЛЛЕКТУМ» ЖОБАСЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

«ИНТЕЛЛЕКТУМ» ЖОБАСЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Интеллектум» жобасының тұсаукесері өтті. Жобаның мақсаты - өскелең ұрпақтың зияткерлік қабілетін, көрнекі ойлауын, психомоторикасын, есте сақтау қабілетін дамыту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап қорындағы баланың ой-өрісін дамытатын түрлі ойыншықтарды қолдана отырып саналы, жан-жақты ұрпақ қалыптастыру, балалардың қызығушылығы мен бейімділіктерін байқау.

Аталған жобаға кітапхананың тұрақты оқырмандары, сонымен қатар ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, «Дара бала» коррекциялық орталығының психолог маманы – Оразбекова Анар Ержанқызы қатысты.

Іс-шараға қатысушы оқырмандар ойлау қабілетін арттыратын, қолдың ұсақ моторикасын дамытатын түрлі дамытушы ойыншықтармен ойын ойнап, пазлдар құрастырып, уақыттарын тиімді пайдаланды.

Кітапханада өтілетін іс-шараларға «Интеллектум» жобасын қолдану міндеті жауапты маманға жүктелген. Аталған жоба жыл бойына тұрақты түрде өткізіліп тұрады.