
Жамбыл облысының Түркістандағы күндері аясында К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Тараздан Түркістанға шашу!» атты мерекелік концерті өтті.
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында өткен мерекелік шара «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде ұйымдастырылды.
Аталған концертте өңірден шыққан өнер шеберлері: Қазақстанның және Қырғызстанның халық артисті, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты -Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері - Бағдат Самедимнова, Әлішер Каримов, «МузАрт Life» дуэті және филармонияның Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Ақкербез», «Айша Бибі» би ансамбльдері, «FirДауыс» квартеті, «Тараз-тарту» квартеті, сондай-ақ, дәстүрлі-эстрада әншілері өнер көрсетті.
Іс-шара К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармонияның facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирден көрсетілді. Концерт соңында жамбылдық өнерпаздарға Түркістан облысының әкімі – Өмірзақ Шөкеевтің ықылас гүлі табыс етілді. Көпшіліктің көңілінен шыққан шара өз деңгейінде өтіп, Түркістандағы Жамбыл облысының күндерін түйіндеді.