Бүгін Тараз қаласының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Тараз қаласы архив беттерінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Архив-2025» арнайы жобасы аясында өткен шарада архив қорындағы құжаттардан тұратын көрме таныстырылып, өлкетанушылар, тарихшылар және архившілер өңір тарихы туралы пікір алмасты.
Көрмеге архив қорының сақтауындағы қаланың тыныс тіршілігінен дерек беретін жергілікті басылымдардың фото корреспонденттерінің суреттері мен архив қоймасындағы құнды құжаттар қойылды.
Сондай-ақ, 30-ға жуық фото суреттер мен архивтік құжаттар қаланың әлеуметтік, экономикалық және мәдени тұрғыдан дамуына еңбегі сіңген архив қорындағы 20 адамның жеке тектік құжат көшірмелері, фотоальбомдар қойылды.