Жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай “Жаңа Конституция - жарқын болашаққа!” мерекелік концерт өтті

Жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай “Жаңа Конституция - жарқын болашаққа!” мерекелік концерт өтті

7 шілде күні Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің алаңында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне арналған патриоттық іс-шара өтті.

Жиын барысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңір тұрғындарын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, оның ел дамуы мен қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі тарихи маңызына тоқталды.

Іс-шараның басты мақсаты – жаңа Конституцияның мәні мен маңызын кеңінен насихаттау, заң үстемдігін дәріптеу, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту.

Мерекелік бағдарлама аясында К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы патриоттық және халықтың сүйікті әндерін орындап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әсем әуен мен ұлттық рух астасқан концертте Отанға деген сүйіспеншілік, ел бірлігі, заңға құрмет және тәуелсіздіктің құндылықтары кеңінен дәріптелді.

Ашық аспан астында өткен мерекелік іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары көптеп қатысып, өнер иелерінің өнеріне ыстық ықылас танытып, ерекше әсермен тарқасты.