"ҰЛТТЫҢ ЖАҢА БОЛМЫСЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

"ҰЛТТЫҢ ЖАҢА БОЛМЫСЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

"ҰЛТТЫҢ ЖАҢА БОЛМЫСЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының м.а. Сара Қабылбекқызы Мадиева және Жамбыл облыстық "Рухани жаңғыру" жобалық офисі КММ-ң басшысы Зарина Пердыбекқызы Қуатованың қатысуларымен "Ұлттың жаңа болмысы" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясы барысында, спикерлер "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының 2020 жылы атқарылған жұмыстары мен 2021 жылға арналған жоспарды жүзеге асыру туралы баяндады.

Сондай-ақ, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер", "Дәстүр мен ғұрып", "Ұлы даланың ұлы есімдері", "Архив-2025" сынды арнайы жобалары аясында жүзеге асырылған ауқымды іс-шаралар жайында толық баян етілді.

Аталмыш іс-шаралардың оң нәтижелері де тілге тиек етілді.

- "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру барысында бірқатар жетістіктерге қол жеткіздік. Мысалы, биылғы жаз маусымында Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен "Жаз әуендері" жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы республика бойынша 4,5 қаралым жинап, қашықтан жұмыс жасаудың үздік үлгісін көрсеткені үшін "Қазақконцерт" тарапынан алғыс хатпен марапатталды,- деп атап өтті Сара Қабылбекқызы өз сөзінде.

Ал Жамбыл облыстық "Рухани жаңғыру" жобалық офисі КММ-ң басшысы Зарина Пердыбекқызы Қуатова өз сөзінде биылғы жылдың қорытындысы бойынша "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша белсенді қызмет атқарғандардың ішінде Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы алдыңғы қатарда екендігін атап өтті.