
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлының 2026 жылғы 5 мамырдағы бұйрығына сәйкес, Байназарова Айнұр Хамидуллаевна “Жамбыл облыстық орыс драма театры” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Байназарова Айнұр Хамидуллаевна 1981 жылы 6 ақпанда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.
2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Психология» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2010 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2002 жылы «Достық и Ш» ЖШС-де кадр бөлімінің қызметкері ретінде бастаған.
2004–2007 жылдары Тараз қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында психолог болып қызмет атқарды.
2007–2011 жылдары «Цеснабанк» АҚ-да директор лауазымында жұмыс істеді.
2005–2019 жылдары «Сарыкемер-коопсауда» ЖШС директоры болды.
2014–2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығы» мекемесінде директордың орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдан бастап «Villa строй» ЖШС-де құрылыс жөніндегі директор болып жұмыс істеген.
Жаңа қызметіңіз құтты болсын!