
Мәдениет саласындағы креаторлар мен жас мамандарға Жаңа Конституция жобасы түсіндірілді. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесуге креативті индустрия саласындағы қолөнер шеберлері мен шығармашыл жастар қатысты.
Жиынды мәдениет саласындағы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Сара Мәдиева жүргізіп, талқылауға қатысушыларды еркін ой бөлісуге шақырды. Басқосуда коалиция мүшелері – Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Сауран Қалиұлы және Асқар Тоқпанов атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры актері Асқарбек Сейілхан сөз сөйледі.
Спикерлер конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталып, оның қоғам дамуы мен ел болашағы үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ 15 наурызда өтетін референдумда әр азаматтың таңдауы айрықша рөл атқаратыны айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ашық диалог өрбіді.