
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Жамбыл облысының 2026 жылға арналған этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі кешенді ведомствоаралық жоспарын іске асыру барысында «Ономастика мәселелері» тақырыбында Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылының тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында басқарманың бас маманы Ақтолқын Исқалиева Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымдар мен ономастика саласына қатысты заңнамалар талаптарын түсіндіріп, этносаралық қатынастарға теріс әсер ететін проблемалық мәселелер ономастика саласында туындамағандығы туралы баяндады.
Ауыл тұрғындары Қызылқайнар ауылдық округінде 70% өзге ұлт өкілдері тұратындығы, жергілікті халық тату-тәтті өмір сүріп жатқандығы туралы өз ойларын ортаға салды.