
1–10 ақпан аралығында Үндістан Республикасының Харьяна штаты, Сураджкунд қаласында К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының халықаралық конкурстардың лауреаты «Ақкербез» би ансамблі «Ән мен бидің керуені – Үндістанда!» атты халықаралық концерттік бағдарламасын ұсынды. Іс-сапар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы шақыртуымен, Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты.
Жобаның мақсаты – қазақтың ұлттық ән және би өнерін халықаралық сахнада насихаттау, Үндістан көрерменіне халқымыздың бай мәдени мұрасын таныстыру, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту. Бағдарлама аясында шығармашылық байланыс орнатылып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды. Бұл бастама жастар арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуға да серпін берді.
Іс-шараға балетмейстер, Мәдениет саласының үздігі - Айжан Қонарбаева, Динара Маханова және Динара Диханбаева қатысты. Аталған мәдени жоба – ұлттық өнерімізді әлемдік деңгейде танытып, елдер арасындағы рухани байланысты тереңдете түскен маңызды қадам.