
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов тарихи-мәдени сала қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен маңызын түсіндірді.
Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, облыстық тарихи-өлкетану музейінің, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының қызметкерлері қатысты.
Басқосуда Серік Жақсылықұлы ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін маңыздылығына тоқталып, оның қоғам өміріндегі орнына кеңінен назар аударды.
Кездесу барысында тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері де қозғалып, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Сауран Қалиұлы мен «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Нұржан Мергенбай өз ой-пікірлерін ортаға салды.