Жамбыл облыстық орыс драма театрының директоры тағайындалды

Жамбыл облыстық орыс драма театрының директоры тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбайдың 2025 жылғы 4 желтоқсандағы №42 бұйрығымен Ербол Жуасбек Жамбыл облыстық орыс драма театрының директоры болып тағайындалды.

Басқарма басшысы Ерлан Нұрманұлы театрға арнайы барып, өнер ордасының жаңа директорын ресми түрде таныстырып, алдағы шығармашылық және ұйымдастырушылық жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жуасбек Ербол Тілеуқұлұлы 1974 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Білімі – жоғары: Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Театр және кино актері» мамандығы бойынша, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Филология» мамандығы бойынша аяқтаған. «Драма театры режиссурасы» мамандығы бойынша магистр.

Еңбек жолы:
1996–2005 жж. – Торғай, Жамбыл облыстық театрлары мен Ғ. Мұстафин атындағы жасөспірімдер мен балаларға арналған Академиялық театрдың актері;
2005–2012 жж. – «НТК» телеарнасында дубляж редакторы, «Қазақстан» және «ОРТ Евразия» телеарналарында бас редактор;
2012–2025 жж. – Семей қалалық Абай атындағы драма театрының бас режиссері, директордың орынбасары;
2013–2025 жж. – КМҚК «Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледжінде» «Актер шеберлігі» пәнінің оқытушысы.

Жалпы еңбек өтілі – 28 жыл.
Педагогикалық өтілі – 12 жыл.
Мамандығы бойынша еңбек өтілі – 22 жыл.