Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев тараздық жас айтыскер ақын Інжу Жаңабаймен кездесті

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев тараздық жас айтыскер ақын Інжу Жаңабаймен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, жас айтыскер ақын Інжу Жаңабаймен кездесті.

Басқосуға өнерлі өреннің «Жасанды интеллект дәуіріндегі жасампаз жастар» атты оқушылар арасындағы республикалық айтыста бас жүлде – «Қола домбыраны» иеленуі, сондай-ақ «Ақберен» шығармашылық байқауында жеңімпаз атануы арқау болды.

– Бұл жетістік – Сіздің табиғи талантыңыздың, қажырлы еңбегіңіздің және өнерге деген сүйіспеншілігіңіздің айқын көрінісі. Қазақтың киелі айтыс өнерін жаңғыртып, ұлт руханиятының дамуына өз үніңізді қосып келе жатқаныңыз – ел мерейін асырар зор мақтаныш.

Өнер мен білімді қатар ұштастырып, сөз өнерінің биік талаптарын меңгеріп келе жатқаныңыз – алдағы үлкен белестердің бастауы деп сенемін, – деді өңір басшысы.

Ербол Қарашөкеев Інжудің бойындағы дарынды танып, оны шыңдауға бағыт-бағдар берген ата-анасы мен ұстаздарына шынайы ризашылығын жеткізді.

Сонымен бірге жас түлекке шығармашылық шабыт, биік белестер мен жаңа жеңістер тіледі.