“Асқақ рухты Әулиеата” республикалық әдеби-мәдени байқауына өтінім қабылдау басталды

“Асқақ рухты Әулиеата” республикалық әдеби-мәдени байқауына өтінім қабылдау басталды
📢 Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы
«АСҚАҚ РУХТЫ ӘУЛИЕАТА» республикалық әдеби-мәдени байқауын жариялайды!
 
📌 Республикалық байқауға жас шамасына қарамастан поэзия, проза, драматургия, әдеби сын, сатира, балалар әдебиеті және көркем аударма жанрында жазылған үздік шығармалардың авторлары қатыса алады.
 
🔹 Байқау жеңімпаздарына төмендегі номинациялар бойынша Жамбыл облысы әкімінің жүлделері табысталады:
•«Поэзия» номинациясы бойынша - ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ атындағы жүлде;
•«Проза» номинациясы бойынша - БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ атындағы жүлде;
•«Драматургия» номинациясы бойынша - ӘЛДИХАН ҚАЛДЫБАЕВ атындағы жүлде;
•«Әдеби сын» номинациясы бойынша - НЕСІПБЕК ДӘУТАЙҰЛЫ атындағы жүлде;
•«Сатира» номинациясы бойынша - ШОНА СМАХАНҰЛЫ атындағы жүлде;
•«Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша - СОВЕТ ӘЛІМҚҰЛОВ атындағы жүлде;
•«Көркем аударма» номинациясы бойынша - ШЕРХАН МҰРТАЗА атындағы жүлде.
 
📖 Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2025 жылғы 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында
ualihanov_kitaphana@mail.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.
 
📲 Қосымша сұрақтар бойынша байланыс нөмірлері:
8 705 327 23 24 - Ғалия
8 707 742 47 12 - Камшат