Тараз қаласында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 90 жылдығына және Қазақстанның халық артисі, ұлт театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Асқар Тоқпановтың 110 жылдық мерейтойына арналған республикалық театр фестивалі өтуде.
Фестивальдің алғашқы күні көрермен назарына С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық қазақ музыкалық-драма театры Георг Бюхнердің әйгілі «Войцек» драмасын ұсынды. Терең философиялық астар мен психологиялық шиеленіске құрылған қойылым адам болмысының күрделі табиғатын ашып, көрерменді өмір мен сана арасындағы тартысқа жетеледі.
Шынайы эмоция мен актерлік шеберлікке толы спектакль залдағы көрерменді бейжай қалдырмады. Қойылым соңында көпшілік әртістердің ойынына ұзақ қол шапалақпен алғыс білдірді.
Өнер мерекесінің алғашқы күніне КСРО және Қазақстанның халық артисі, театр және кино өнерінің майталманы Асанәлі Әшімов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Фестивальдің қазылар алқасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек төрағалық етуде.
Қазылар құрамында:
Театр мерекесі жалғасуда. Фестиваль күндері көрерменді мазмұны терең, ұлттық рух пен заманауи көзқарасты тоғыстырған қойылымдар күтеді.