Жамбыл облысында Жапониямен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жөнінде кездесу өтті

Жамбыл облысында Жапониямен мәдени-гуманитарлық  ынтымақтастықты дамыту жөнінде кездесу өтті

Жамбыл облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінің делегациясымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мойынқұм ауданының құмды жазығында, Кеңес Одағы кезеңінде қайтыс болған 13 жапон әскери тұтқындарының жерленген жерінде зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселесі талқыланды.

Кездесуге Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, сондай-ақ облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы қатысты.

Жапон делегациясынан Жапония Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінің әлеуметтік қорғау және соғыс құрбандарына көмек көрсету бюросы директорының көмекшісі Тошио Конума, министрліктің аудармашысы Сачико Сугахара және министрліктің еске алу қызметі істері жөніндегі директорының көмекшісі Норико Накаджима қатысты.

Кездесу барысында тараптар тарихи зерттеу жұмыстарын жүргізу және гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.