МҰҚАҒАЛИ ЖЫРЫ САХНА ТӨРІНДЕ: «ҚОШ, МАХАББАТ» ДРАМАСЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

МҰҚАҒАЛИ ЖЫРЫ САХНА ТӨРІНДЕ: «ҚОШ, МАХАББАТ» ДРАМАСЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры өзінің 90-шы мерейлі маусымын Мұқағали Мақатаевтың жүрек тербетер «Қош, махаббат» драмасының премьерасымен ашты.

Жаңа қойылымды С.Сейфуллин атындағы академиялық драма театрының режиссері Айдын Салбан сахналап, көркемдік шешімін қоюшы-суретші Айгерім Амангелді жасады.

 «Қош, махаббат» – үлкен шаһарда тағдыр тоғыстырған Бану мен Бағдаттың нәзік сезімге толы, бірақ баянсыз махаббаты жайлы сыр шертетін шығарма. Қос ғашықтың кіршіксіз сүйіспеншілігі мен тағдырлы қарым-қатынасы көрермен жүрегін тербеп, әр жанды ойға жетелейді.

 Басты кейіпкерлерді театрдың жас әрі талантты актерлері – Бауыржан Құлмамыр мен Аружан Райымбек шебер сомдап, сахна төрін шынайы сезімге бөледі.

Зал толы көрермен сырлы лирикаға толы қойылымды зор ықыласпен қабылдап, ыстық қошемет көрсетті. Тіпті аншлагқа байланысты 18 қыркүйек күні сағат 19:00-де қосымша сеанс ашылды