Таланттарға жол ашық: Таразда «JARQYRA» республикалық кастингі өтті

Таланттарға жол ашық: Таразда «JARQYRA» республикалық кастингі өтті

Қазақ киносының күніне орай елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды жоба – «JARQYRA» республикалық кастингі ұйымдастырылды.

Кастинг 15 қыркүйек күні, сағат 11:00-19:00 аралығында, елімізді 19 қаласындағы мәдениет ошақтарында бір мезетте өтті. Жамбылдықтар үшін кастингті Облыстық халық  Тараз қаласында орналасқан «Көркемсурет галереясында» ұйымдастырылды. Кастинг барысында 20-дан астам үміткер өтінім білдірді.

Іріктеуден өткен үміткерлердің деректері www.kazakhcinema.kz сайтындағы актерлік онлайн-базаға орналастырылады. Бұл база – кинокомпаниялар мен продюсерлер үшін жаңа есімдерді табуға мүмкіндік беретін ашық әрі қолжетімді алаң болмақ.

 Бұған дейін де Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының бастамасымен және қолдауымен отандық кино саласында бірқатар жаңа есімдер танылып, еліміздің мәдени әлеуетін нығайтуға сүбелі үлес қосып келеді. Аталған жұмыстар Мемлекет басшысының мәдени саясатты жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жетекшілігімен жүйелі түрде жалғасып келеді.