
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы негізгі көрсеткіштері көңіл қуантады. Қазіргі таңда кітапхана қорында 40 070 дана кітап бар. Соның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиеттер саны 19 214 дананы құрайды.
Кітапхана қорында мынандай ерекше форматтағы басылымдар бар:
нүктелі-бедерлі кітаптар – 5 557 дана
жайпақ баспамен шыққан кітаптар – 27 351 дана
дыбыстандырылған әдебиеттер – 6 905 дана
бедерлі-графикалық құралдар – 75 дана
Кітапхана қызметін тұрақты пайдаланушылар саны 1 490 оқырман болса, оның ішінде 451-і — зағип жандар.
Бұл туралы Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталмыш кітапхананың директорының орынбасары Кузенова Толқын Тәжітөреқызы мәлімдеді.
Арнайы кітапхана – тек кітап сақтайтын орын ғана емес, көру қабілеті шектеулі жандар үшін рухани қолдау мен білімге бастар жол.