ТАРАЗДА «ӨНЕР КӨЗІ – ХАЛЫҚТА» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ТАРАЗДА «ӨНЕР КӨЗІ – ХАЛЫҚТА» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
ТАРАЗДА «ӨНЕР КӨЗІ – ХАЛЫҚТА» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
 
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Халықтық» (үлгілі) атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдары арасында «Өнер көзі – халықта» атты облыстық байқау-фестивалі өтті.
 
Байқауға облыстың әр өңірінен «Халықтық» (үлгілі) атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдары қатысты. Ұжымдар толық құрамда, жанрлық талаптарға сай, тек қана жанды дауыста өнер көрсетті.
 
Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтық өнер ұжымдарының шығармашылық деңгейін анықтау, олардың шеберлігін шыңдау, қолдау көрсету, халық шығармашылығының жанрларын кеңінен насихаттау мен дамыту, ауыл өнерпаздарының белсенділігін арттыру және ұжымдар арасында шығармашылық байланысты нығайту.
 
Байқауға білікті қазылар алқасы төрелік етті. Олардың қатарында:
•ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары, төрайым Эльмира Дуатбаева
•ҚР Мәдениет қайраткері, Талас ауданының құрметті азаматы Пернебек Оспанов
•ҚР Мәдениет қайраткері, Жамбыл ауданының құрметті азаматы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Бақыт Сырлыбаев
•ҚР Мәдениет қайраткері, «Өнерге қосқан үлесі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері Есенхан Рымқұлов
•ҚР Мәдениет қайраткері, хореограф, мәдениет саласының ардагері Зейнеп Қалданова
•КСРО Мәдениет саласының үздігі, «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Ришад Қуанышбаев
•Мәдениет саласының ардагері, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Майра Алим.
 
3 күнге созылған байқау-фестиваль қорытындысында қатысушылардың барлығы халық өнерін дәріптеуге қосқан үлестері үшін ұйымдастырушылар тарапынан «Алғыс хаттармен» марапатталды.