ЖАМБЫЛДЫҚТАР ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІНЕ ҮЛЕС ҚОСУДА

ЖАМБЫЛДЫҚТАР ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІНЕ  ҮЛЕС ҚОСУДА

ЖАМБЫЛДЫҚТАР ҚАЗАҚ КИНО ӨНДІРІСІНЕ  ҮЛЕС ҚОСУДА

 

Қыркүйек айының 18-жұлдызында Тұрар Рысқұлов атындағы мәдениет және демалыс саябағында орналасқан Амфитеатрда қазақ кино өндірісі  жайында пресс-конференция өтті. Пресс-конференция Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен "Облыстық кино орталығы" КМҚК және "Taraz Film School"мектебі бірлесіп түсірген « Зере» толықметражды картинасына арналды.

Аталмыш шараға "Зере" фильмінің режиссері Д.Камшыбаев және басты рөлдерді сомдаған әртістер О.Ландина, А.Бажан, С.Сүлейменов, Е.Рахым қатысты.

Пресс-конференция соңы шығармашылық кездесуге ұласып, фильмнің режиссері мен актерлік құрамы түсірілім барысындағы қызықты сәттермен бөлісті. Сондай-ақ, көрермендер мен БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Дегенімен сұхбат барысында сценарийдің құпиялылығы сақталып, көрермендердің қызығушылығы арта түсті.

Кездесу соңында аталмыш туындының актерлік құрамы тараздықтарға қонақжайлылығы мен қолдауы үшін өз алғыстарын білдірді!