Сезім сөзге айналғанда: "Сезім хаттары" Таразда сахналанды

Сезім сөзге айналғанда: "Сезім хаттары" Таразда сахналанды

Гастрольдік сапармен Тараз қаласына келген Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының жас актерлері өңір көрерменіне тың форматта дайындалған әсерлі қойылым – «Сезім хаттары…» кешін ұсынды.

Қазіргі технологиялық заманда ұмыт бола бастаған, бірақ адам жанын тербететін бірегей құндылық – қолмен жазылған хаттар арқылы махаббат, сағыныш, өкініш пен үміт сынды терең сезімдер сахна төрінде жаңаша үнмен жаңғырды.

Сіз бір сәт сүйіктіңізге өз қолыңызбен хат жазып көрдіңіз бе?.. Бәлкім, бұл бүгінгі цифрлы дәуірде ескірген әрекеттей көрінер. Алайда кейбір сөздер бар – тек жүрекпен ғана жеткізуге болады.

Дәл осы идеяны арқау еткен «Сезім хаттары…» – көрермен мен актер арасындағы шынайы эмоционалды диалог. Еркін атмосферада өткен бұл кеш көрерменнің жүрегіне жол тауып, сезім мен сырға толы ерекше әсер сыйлады.

🔸 Актерлік құрам:
▪️М. Асаубай
▪️Ә. Есбатыр
▪️Ә. Базарбай
▪️А. Ағымбай
▪️И. Құлмағамбетова
▪️Р. Бекет
▪️Қ. Демеу
▪️М. Тағанов
▪️Ғ. Амангелдіұлы
▪️Е. Тілеухан

«Сезім хаттары…» – бұл тек сахналық қойылым емес, адамның ішкі әлеміне үңілтетін сырлы сапар.