«Жүз жылдық махаббат» қойылымы тараздықтардың назарына ұсынылды

«Жүз жылдық махаббат» қойылымы тараздықтардың назарына ұсынылды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры гастрольдік сапар аясында Тараз қаласының көрермендеріне Мағжан Жұмабаев пен Зылиха арасындағы ұлы махаббатты арқау еткен әсерлі қойылым ұсынды.

Дулат Исабековтің “Жүз жылдық махаббат” драмасы – Алаш ардақтысы, ақын Мағжан Жұмабаевтың тағдырлы өмір жолы мен аяулы жары Зылиханың жан азабын, адалдығын, рухын арқау еткен терең туынды.

Қойылымда Мағжанның қуғын-сүргінге толы өмірі мен Зылиханың шексіз махаббаты, рухани беріктігі көрермен жүрегін тебірентті. Спектакль – тек тарихи естелік емес, ұлт рухына тағзым, махаббат пен адалдықтың көркем көрінісі.

🔸 Актерлік құрам:
▪️Мағжан – Алмас Шаяхметов
▪️Зылиха – Баян Қажынәбиева
▪️Мадина – Ажарлым Мағзұм
▪️Валерий Брюсов – Жасұлан Байсалбеков
▪️Надзиратель – Қайрат Нәбиолла
▪️Тергеушілер – Райымбек Бекет, Ғалым Амангелдіұлы
▪️Кәжен – Әлсейіт Есбатыров
▪️Гүлсім – Майра Абсадықова
▪️Әнші – Айша Ағымбай

Театр ұжымы тараздық көрерменге ұлт тарихы мен тұлғалық тағдырды ұштастыра білген терең драмалық туынды сыйлады. Қойылым аяқталған соң көрермендердің зор қошеметіне бөленді.