Тараз төрінде “Сүйікті менің ағатайым” қойылымы сахналанды

Тараз төрінде “Сүйікті менің ағатайым” қойылымы сахналанды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ұжымы гастрольдік сапар аясында тараздық көрерменге әсерлі қойылым ұсынды.

Сахнада көпшілік назарына ұсынылған “Сүйікті менің ағатайым” драмасы – орыс әдебиетінің классигі Антон Чеховтың “Дядя Ваня” пьесасы негізінде қойылған. Адам жанының терең иірімдерін, өмірдің өткінші сәттері мен ішкі күйзелістерін көркем бейнелейтін бұл туынды қазіргі заман көрерменінің жүрегіне жол таба білді.

Қойылымда елімізге танымал театр және кино актерлері: Азамат Сатыбалды, Салтанат Бақаева, Берік Айтжанов, Бақтияр Қожа, Зарина Кармен өз рөлдерін кәсіби деңгейде сомдап, көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.

 Шынайы эмоцияға, терең философиялық мәнге толы бұл қойылым тараздықтарды бейжай қалдырмады. Ұлттық театрдың көркемдік әлеуеті тағы бір мәрте айқын көрінді.

 Гастрольдік сапар аясында Әуезов театрының ұжымы Тараз қаласында тағы бірнеше қойылым ұсынатын болады.