АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІ ОҚЫТУШЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КОМАНДАЛЫҚ XVIII ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІ ОҚЫТУШЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КОМАНДАЛЫҚ XVIII ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 19 сәуір күні Тараз қаласында облыстағы оқу орындарының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушылары арасында Ұлы Жеңісінің 79 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 32 жылдығына арналған XVIII-ші облыстық командалық байқауы өткізілді.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларымен  командалық байқау олардың ұстаздық және әскери білімдерін, дене дайындықтарының деңгейлерін анықтау, сондай-ақ оқу процесін ұйымдастыру мен жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жақсарту мақсатында ұйымдастырылды.

Облыстық командалық әскери байқауы бірқатар әскери-спорттық түрлерінен құралатын іс-шара, олар: «Взводтың саптық байқауы», «Пневматикалық винтовкадан оқ ату», Калашников Автоматты (АК-74) бөлшектеу және жинау,  Калашников Автоматты (АК-74) жарағының оқшантайды жарақтау, кедергі жолақтарын еңсеру, кермеге тартылу, жүгіру (100 метрге) және «Арқан тартысу».

Аталған байқау 2006 жылдан бастама алып, бүгінде 18-рет өткізілді. Бұл байқаудың  Республика көлемінде, тек біздің облыста өткізілуі, бізді жыл сайын жаңа табыстарға жетуге және алдыңғы қатарда болуға бейімдейді.

Командалық байқау екі кезең бойынша өткізілді:

I кезең - Әскери-спорттық жарыстар (дене тәрбиесі мен атыс дайындықтары);   

II кезең – «Сапта жүріп, ән айту барысы».

Байқауға 10 командада 170 мұғалім қатысты.