ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

2024 жылдың 19-21 сәуір күндері Түркия мемлекеті, Анталия қаласында технология саласының көшбасшыларынан жаңа стартаптарды ашу, роботтар жасау және соңғы технологияларды дамыту мақсатында робототехникадан халықаралық «Robotex Turkiye-2024» чемпионаты өтті.

«Robotex Turkiye» – мыңдаған инженерлерді, менеджерлерді, студенттерді және оқушыларды біріктіретін ең ірі робототехника фестивалі.

Халықаралық сайысқа Жамбыл облысы бойынша Меркі ауданы, М.Әуезов мектеп-лицейінің оқушылары ТҰРҒЫНБАЙ НҰРҒИСА, САУЫТБЕК ХАМЗА қатысып, әлем оқушыларымен бақ сынасты.

Чемпионат қорытындысы бойынша облыс оқушылары ІІ дәрежелі диплом және күміс медальды иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз және жетекшісі Такебаев Мұрагер Мұратұлына алғыс білдіреміз!