Басқарма басшысының орынбасары қызметіне Кзылкулова Лаззат Абильдаевна тағайындалды

Басқарма басшысының орынбасары қызметіне Кзылкулова Лаззат Абильдаевна тағайындалды

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары қызметіне Кзылкулова Лаззат Абильдаевна тағайындалды.

Кзылкулова Лаззат Абильдаевна 1972 жылдың 1 қаңтарында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ерназар ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Қазақтың қыздар педагогтік институтын «Ұлт мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Кзылкулова Лаззат Абильдаевна еңбек жолын 1995 жылы Қордай ауданы Бетқайнар ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде бастаған.
1998-2000 жылдары – Тараз қаласындағы №1 мектеп-гимназия мұғалімі;
2000-2001 жылдары – Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы № 13 мектеп-гимназия мұғалімі;
2001-2013 жылдары - Тараз қаласындағы №1 гимназия мұғалімі;
200-2013 жылдары - Тараз қаласындағы №1 гимназия директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2013-2022 жылдары - Тараз қаласындағы №1 гимназия директоры;
2022 жылдан бастап Тараз қаласы білім бөлімінің №24 гимназиясының директоры қызметін атқарған.