Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәнінің тәжірибелі педагогтері Тараз қаласындағы №39 мектеп-гимназиясының 8-11 сыныптарында ашық сабақтар өткізді.
«Ағылшын тілі» пәнін оқытуда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білу, ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алу жолдары, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, өз бетінше білімін толықтыруға дағдыландыру мәселелері талқыланды.
Функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырма түрлерімен жұмыс, грамматикалық талдау түрлерін жетілдіру, білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындау, білім берудің сапасын арттыруда, тілдік дағдыларды меңгертуде ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың маңызы туралы айтылды. Ағылшын тілі грамматикасын оқытып үйретуде әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, кестелермен жұмыс, тірек-сызбаларды қолдану, мақал-мәтелдерді пайдалану, грамматикалық ойындармен, тест тапсырмаларымен жұмыс түрлерін көрсетті.
Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақ үлгілерін көрсетіп, оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Облыстық ашық сабақтарға 62 педагог қатысты.