
Облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен математика пәнін оқытуда педагогтердің тәжірибелік және пәндік құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында Тараз қаласы Төле би № 8 гимназиясының базасында 8-11 сыныптарында озық тәжірибелі математика пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар өткізді.
Іс-шара барысында «Алгебра», «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерін оқытуда заманауи әдістемелер мен педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, PISA, құндылыққа бағытталған тапсырмалар мен оқушылардың математикалық сауаттылығын және білім берудің сапасын арттыруда белсенді оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдары талқыланды. Педагогтер 8-сыныпта алгебра пәнінен «y=√x функциясы, оның графигі мен қасиеттері», 9-сыныпта геометрия пәнінен «Вектордың координаталары», 10-сыныпта алгебра және анализ бастамалары пәнінен «Кері тригонометриялық функцялары бар қарапайым теңдеулер», 11-сыныпта геометрия пәнінен «Қиық пирамида» тақырыптарында ашық сабақтар үлгілерін көрсетіп, озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық ашық сабақтарға жалпы 36 математика пәні мұғалімдері мен «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің математика пәнінің мұғалімдері қатысты.