«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» тақырыбында кездесу өтті

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» тақырыбында  кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары" тақырыбында кездесу өтті.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірлігі «Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру» департаментінің басшысы Меруерт Асқарбекқызы Медетбекова және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының директоры Анар Шыңболатқызы Тәңірбергенованың қатысуымен ұйымдастырылған кездесуде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы», «Тәрбиедегі сын тегеуріндер», «Тәрбие парадигмасы», «Тәрбие құндылықтары», «Тәрбиенің үздіксіздігі», «Тәрбие тұғыры» сонымен қатар «Білім беру ұйымдарындағы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру мен жоспарлау» тақырыптарында сөз қозғалып, осы бағыттағы практикалық жұмыстар жүргізілді.

Кездесуге мемлекеттік құзырлы орган басшылары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдары мен колледждердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлер қатысып, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша пікір алмасып, ертеңгі ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеудің тиімділігі талқыланды.

Аталған іс-шараға 632 педагог қызметкерлер қатысты.