Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының жоспарына сәйкес қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған «Қосымша білім беру жүйесінде музыкалық және хореографиялық білім берудің тәжірибесі, мәселелері» тақырыбында Х облыстық ғылыми- тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияға 23 педагог қатысты.
Конференция екі бөлімнен тұрды: пленарлық отырыс және секция жұмыстары. Конференцияның жұмысы облыстық білім басқармасының «Қосымша білім беру, тәрбие және балалардың құқықтарын қорғау» бөлімінің басшысы Гүлзира Лесбайқызының алғы сөзімен басталды.
Пленарлық отырыста 3 баяндама тыңдалды. Облыстық конференция шебер - сыныптар көрсетумен және секция жұмыстарымен жалғасты.
Конференцияның практикалық бөлімінде секциялар бойынша шебер-сыныптар көрсетіліп, тренинг өткізілді. Секциялардың отырысында барлығы 23 баяндама тыңдалды.
Дайындау деңгейі жақсы баяндамаларға жүлделі орындар берілді. Атап айтсақ:
1. «Хор және вокалдық білім беру» секциясы бойынша I-ші орынға Қыдырбек Төлеген Жандосұлы (Қордай ауданы, БЖШО); ІІ орынға Алданова Мариям Сагындыковна (Байзақ, К.Әзірбаев Саз мектебі), Ыдырысова Меруерт Ибрахимовна (Тараз қаласы, Оқушылар сарайы), ІІІ орынға Мұса Индира Байділдақызы (Т.Рысқұлов ауданы, Өнер мектебі), Булекбаева Гульнара Балтабаевна (Меркі ауданы, №1 балалар саз мектебі),Үмбеталиев Асылбек Әлдибекұлы (Т.Рысқұлов ауданы, БЖО) қосымша білім беру педагтары ие болды.
2. «Хореографиялық білім беру» секциясы бойынша I-ші орынға Жаңбырбаева Ұлдана Жаңбырбайқызы (Байзақ, Бурыл ауылы, «Өнер» мектебі), Костащук Ирина Владмировна (Тараз, Оқушылар сарайы), ІІ орынға Қуатова Таңсұлу Нұртуллақызы (Қордай ауданы №1 Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы), Малибаева Ұлбосын Манатбекқызы (Т.Рысқұлов ауданы, БЖО), ІІІ орынға Назарбекова Дана (Жамбыл ауданы, М. Төлебаев атындағы Өнер мектебі), Альмахашева Айгүл Хасеновна (Шу ауданы, Оқушылар сарайы), Балмуханова Раушан (Байзақ ауданы, БШТО) ие болды.